Астанада тоғыз автобус бағытының қозғалысы уақытша өзгерді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада тоғыз автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Уақытша өзгерген бағыттар: №7, 39, 41, 43, 45, 53, 81, 120 және 120А.

Сонымен қатар «Орда базары», «Көк базары», «Магнум гипермаркет» аялдамаларына баратын жол жабық. Осыған байланысты №59, 307 және 317 автобустар аталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіруді уақытша тоқтатты.

Маршруттардың жаңартылған қозғалыс сызбаларын мына жерден көруге болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада LRT-ның екінші құрамы қойылды.