Астанада тоғыз автобустың бағыты уақытша өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты тоғыз автобус бағытының қозғалысы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «City Transportation Systems» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №1, 3, 20, 23, 25, 32, 37, 45, 52 бағыттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгертілді», - деп хабарлады ведомство.

Суретте өзгертілген қозғалыс бағыты көрсетілген.