Жұмысты аяқтау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Осыған байланысты Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы жол учаскесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.
Жүргізушілерге төмендегі балама бағыттарды пайдалану ұсынылады:
• Тұран даңғылынан Е 54 көшесі арқылы Төле би көшесіне шығу;
• Ұлы Дала даңғылынан жергілікті жол арқылы Төле би көшесіне өту.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастыруға енгізілуі мүмкін өзгерістерді ескеруі қажет, — деп ескертті әкімдік.
Осыдан бұрын Павлодардағы ойқы-шойқы жол жүк көліктеріне шығын келтіріп отырғанын жазғанбыз.