Астана қаласы Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмыстары басталады. Жұмыстар «Роза Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу» жобасы аясында жүзеге асырылады.
- Осыған байланысты 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс екі бағытта бір жақ бетімен кезең-кезеңімен ұйымдастырылады, - делінген ақпаратта.
Қала әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Жол-құрылыс жұмыстары кезінде туындайтын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.
Айта кетейік, Алматы облысында жөнделмеген жолға наразы тұрғындар тасжолды жауып тастаған.