«Егер сіз көлігіңізбен жұмысқа бара жатып немесе келе жатып жол бойында тоңып тұрған адамдарды көрсеңіз оларды тегін ала кетіңіз!» - дейді акцияны ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, бүгін үскірік аяздың салдарынан бірінші және екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.
18 қараша күні ауа температурасының төмен болуы «Астана су арнасы» мекемесіне қарасты желілерде апаттың орын алуына себеп болды. Осыған қарай бірнеше үйдің тұрғындары тәулік бойы сусыз отырды.
Қазақстанда 40 градустан төмен аяз болуы ықтимал екендігін айта кеткен жөн.