Салдарынан жасөспірімнің мұрны сынған, сондай-ақ бір тісі түсіп қалған.
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар анықталып, Сарыарқа ауданы полиция басқармасына жеткізілген.
— Жанжал тұрғын үй ауласында жастар арасында туындаған. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған азамат жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлік тексеруден кейін үйіне жіберілген, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Алматыда жаппай төбелес кезінде екі жасөспірім мерт болды.