Астанада төрт адам, соның ішінде үш бала иіс тиіп уланды
08:48, 19 Ақпан 2013
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласының Өндіріс кентінде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан төрт адам иіс тиіп уланды.
ҚР ТЖМ-нен хабарлағандай, дүйсенбі күні таңертең ауруханаға 35 жастағы әйел мен бес, төрт және бір жасар үш бала жеткізілді.