Жол полициясы қызметі хабарлағандай, «Ауди» және «Нива» көліктері қатты жылдамдықпен келе жатып, көктайғақтың салдарынан соқтығысқан. Бір адам қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апаты кезінде тағы екі машина зардап шеккен.
Айта кетейік, Угольный көшесімен жалғасатын Ақжол көшесі астаналық жүргізушілердің «айналма жолы» болып саналады. Оның бойында бағдаршамдар аз. Ол арқылы Қырқыншы кенті мен Оңтүстік-Шығыс ауданына аз уақыттың ішінде баруға болады. Уақытты үнемдейтін жүргізушілердің дені осы жолға түскенде қатты жылдамдықпен жүреді.