Астана қаласы соты баспасөз қызметінің хабарламасында меншік иесі көрсетілген жер телімдерінен өз еркімен меншік құқығынан бас тартқаны көрсетілген.
«ҚР Азаматтың кодексі нормаларына сәйкес иесіз жылжымайтын заттарды республикалық маңыздағы қалалар, елорда, аудандар, облыстық маңыздағы қалалар жергілікті атқару органдарының өтінішімен жылжымайтын мүліктерді есепке қою органына мемлекеттік тіркеуге қабылдайды. Егер меншік иесі меншік құқығынан бас тартқаны туралы жарияласа жергілікті атқарушы орган бұл заттары коммуналдық меншікке келіп түскен ретінде тану туралы талаппен сотқа жүгінеді», - делінген хабарламада.
Бұл жағдайда әкімдік меншік иесі меншік құқығынан бас тартқаны және оларды иесіз жылжымайтын мүліктер ретінде есепке қоюды талап етіп, сотқа жүгінді.
Сот ҚР АПК-тің 317 бабына сәйкес жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану жөнінде шешім шығарды.