Елордада құрылыс алаңында бірнеше альпинист зардап шекті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрылыс объектісінде жұмысшылардың құлау фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті тергеу бастады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бір жұмысшы сол жерде қайтыс болды, қалған үшеуі ауруханаға жатқызылды», - делінген қалалық полицияның хабарламасында.
Ақпаратта айтылғандай, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.