Астанада трансплантология және ағза донорлығы салаларында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Астанада трансплантология және ағза донорлығын насихаттау салаларында ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың алғашқы қорытындылары шығарылып,

2012 жылға жоспарлар айқындалады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) баспасөз қызметінен мәлім етті.

Баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева, «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ трансплантология жөніндегі кеңесшісі, ҚР ДСМ штаттан тыс бас трансплантологы Ғани Құттымұратов, тәуелсіз аккредиттелген сарапшы, дәрігер-нефрологОрынгүл Нарманова, Астана қаласындағы №1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, қалалық мәслихат депутатыНадежда Петухова, гемодиализ пациенті Бердияр Бустамбаевтың анасыҮмітжан Оспанова жауап беретін болады.

Қазақстанда органдық донорлықты насихаттау бойынша ауқымды акция басталды. Бүгінде елімізде бауыр, бүйрек, жүрек және өзге де донорлық ағзаларға мұқтаж 7 мыңнан астам науқас тұрады. Олардың денінің өмірі - қыл үстінде. Трансплантация - бұл науқастардың өмірін сақтап қалудың жалғыз амалы.

«Ағза донорлығы - транплантологияның түбірлі мәселесі. Қайтыс болғаннан кейін органдық донорлыққа көзі тірісінде келісу - бұл моральдық, сондай-ақ діни тұрғыдан алып қарағанда адамгершілік әрекет», - деп санайды ҚР ДСМ өкілдері.