АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында 16-18 мамыр аралығында тректегі велоспорттан ірі халықаралық «Silk Way Series Astana-2025» турнирі өтеді.
Жарыстар «Сарыарқа» велотрегі базасында ұйымдастырылады.
Турнирге он елден спортшылар қатысады. Жүлделер Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Армения, Грекия, Ресей, Латвия және Литва құрамалары арасында сарапқа салынады.
Айта кетсек, биыл ақпан айында тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.
https://kaz.inform.kz/news/kirill-kurdidi-trekteg-velosporttan-aziya-chempionatinin-kola-zhuldeger-atandi-27f780/
Әділжан Үмбет.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.