АСТАНА. KAZINFORM — Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.
Бұл турнир аясында алғашқы жүлдегерлер анықталды.
Ерлер арасындағы омниум дисциплинасында Андрей Чугай (Ақмола облысы) топ жарды. Екінші орынға Данияр Шаяхметов (Солтүстік Қазақстан облысы) ие болса, Дмитрий Резанов (Астана) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, ел біріншілігі — 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықтың маңызды бөлігі.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем кубогында 4 медаль еншілегенін хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.