Астанада триатлоннан қысқы жарыс өтеді
22:24, 16 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – 18 ақпан күні елордада қысқы триатлоннан жарыс өтеді.
Қалалық триатлон федерациясының мәлімдеуінше, аталған бәсеке сағат 12.00-де Триатлон саябағында өтеді. Оған кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысады.
Жарыс жас санаттарын ескере отырып, белгіленген маршрут бойынша келесі қашықтықта өткізіледі:
• жүгіру – 2,5 км;
• велоспорт – 3 км;
• шаңғы жарысы – 2,5 км.
Жарысқа қатысушы да мiндеттi түрде болу керек жабдық:
• велосипед дулығасы;
• жұмыс істейтін велосипед;
• шаңғы жарысының жиынтығы.
Жарысты аяқтаған әрбір қатысушы финишер медалін алады. Әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары бүкіл қашықтықты еңсеруге жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Сондай-ақ олар бағалы сыйлықтармен марапатталады.