Астанада «Триумфальный» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы жарақаттанды

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Астанада «Триумфальный» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында «Базис А» құрылыс компаниясының 19 жастағы тас қалаушысы жарақаттанды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жазатайым оқиға 11 маусым күні орын алды. Жұмысшы ауруханаға жеткізілді.