Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Оқиға орнында 45 адам және 9 техника мен ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.
Астана уақыты бойынша сағат 14:38-де өрт сөндірушілер өртті оқшаулады.
Нақтыланған мәліметтер бойынша сүзгі өндірісі цехының шатырында өрт шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ Астанада өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарған еді.