Астанада туберкулезге қарсы күрес тиімді нәтиже беруде
Сайттың жазуынша, өткен жылы туберкулезді анықтау деңгейін арттыру үшін қалада қосымша 7 амбулаториялық-физиатрикалық, оның ішінде 5 фтизио-педиаторлық учаске жасақталды. Сонымен қатар, 2012 жылдың 12 айында 83 ота жасайтын остео-хирургиялық бөлім ашылды. Осыған байланысты аталған салада хирургиялық белсенділік 39,4%-дан 79,1%-ға дейін артты.
Астана қаласы денсаулық сақтау органдарының шұғыл қолға алған іс-шараларының арқасында қалада туберкулез ауруын айтарлықтай азайтуға қол жеткізілді. Биылғы жылы аталған дерт көрсеткіші 19,1 %-ға азайып, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда 138,1-дің орнына 111,7-ге жетті.
Туберкулезден көз жұмғандар көрсеткіші аталған мерзімде 22,9%-ға төмендеген. 2012 жылы ол 100 мың тұрғынға шаққанда 6,4-ті құраған болатын. Ал оның арғы жылы науқас көрсеткіші 8,3 болған.