Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында елорданың бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті.
С.Бейсенованың айтуынша, осы күнге дейін Астана қаласында тұмауға қарсы 56 887 адам егілді. Бұл қала халқының 8 пайызын құрайды. Соның ішінде «қатерлі топқа» жататын 6 635 адамға егу жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. 50 252 тұрғын ақылы егу кабинеттеріне жүгінді.
Онымен бір мезгілде С.Бейсенова, вакцина тек тұмаудан ғана қорғайтынын атап өтті. Ал табиғатта 200-ден астам түрі бар - жедел респираторлық вирусты инсфекциялардың (ЖРВИ) алдында ол қауһарсыз.
«Сондықтан», - дейді ол, медицина қызметкерлері егуді жүргізген кезде, адамдарға ағзаның иммундық жүйесін көтеру қажеттігі туралы да кеңестерін айтуды ұмытпауы тиіс. Астана қаласының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті ол үшін витаминдер мен минералдарға бай тағамдардарды көбірек жеуге, ал химиялық препараттардың арасынан - римантадинді қолдануды ұсынып отыр. Препарат екі жастан асқан балалар мен ересектерде эпидемия кезінде тұмаудың алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Педиатрияда римантадиннің шәрбат түріндегі - альгирем препараты пайдаланылады. Дәрігерлер римантадиннің негізінде жасалған тағы бір препарат - полиремді ұсынуда.
«ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті суық тиюдің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда медицина мамандарының көмегіне дер уақытында жүгініп, өз-өзін емдеумен айналыспауды, жақындағыларды жұқтырмау үшін бетперделерді тағып жүруді сұрайды», - деді ол.
Сондай-ақ Департамент басшысы, астаналық тұрғындарға жөтелу мен түшкіру этикетін сақтауды сұрап отыр. Қоғамдық орындарда адамдардан 1 метр қашықтыққа барып, ауыз-мұрын орамалмен жабылуы тиіс. Онымен бірге, жеке бастың және қоғамдық тазалығын сақтап, ауырған жағдайда үйде жатып емделген абзал.