Астанада түнде «Әсем» базары өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі 00 сағат 17 минутта Астана қаласындағы «Әсем» сауда үйінің төбесі өртеніп, от соның екінші қабатында орналасқан «Антошка» дәмханасындағы тоңазытқыш құрылғысына шапты.

Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен 18 адамы тартылып, тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталды. 10 шаршы метр аумақ отқа оранды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.