Астанада түнде аяз болып, Алматыны таңертең тұман басады

АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Күндіз ауа температурасы 8... 10°C шамасында болады. Ал Жезқазған мен Талдықорған қалаларында жаңбыр жауады деп болжануда.

Астанада аспан бұлтты, қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз -5...-7°C болады.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0... 2°C, күндіз 6... 8°C болады.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 2... 4°C, күндіз 8... 10°C болады.