Бүгін Астанада кезекті рейд өткізіледі. Іс-шараның мақсаты - қаңғыбастыққа құқыққа қайшы әрекеттер жасауға бейім, кәмелетке толмағандарды уақытында анықтау, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеу. Сонымен қатар, рейдке білім мекемелерінің өкілдері және полиция мен прокуратураның қоғамдық көмекшілері қатысады.
Ведомство таратқан мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері балаларды тәрбиелеу міндетін атқармағаны, ойын-сауық орындарында және түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бергені үшін мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.