Бұл туралы Шаңғы жарысы федерациясынан хабарлады.
Ал маңызды бағдарлама шаңғы жарысы болды. Baby-спринттің жеңімпаздары 1 жас пен 5 жас арасындағы қатысушылар болды, 25 метр қашықтыққа қыз балалар арасынан -Иманғожина Томирис, және ұл балалар арасынан Сағатбек Аруанның мерейі үстем болды.
Балалар арасынан жақын қашықтыққа жүгіруден Терещенко Дарья (қыз балалар арасынан 2004 жылы және одан кейінгі жылы туылғандар) және Герасименко Илья (ұл балалар арасынан 2004 жылы және одан кейінгі жылы туылғандар), Шевчук Ксения (қыз балалар арасынан 2002-2003 ж.т.), Герасименко В. (ұл балалар арасынан 2002-2003 ж.т.), Шемелина Анна және Таниченко Борис (қыз балалар және ұл балалар арасынан 2000-2001ж.т.) жеңіске жетті.
Айналма жүгіру жарысынан бірінші орынды Муллахметова Раушан және Миронюк Артем (1994-1995 ж.т.), Жұмағұлова Айғаным және Көпербаев Рүстем (1996-1997 ж.т.), Людвиг Дарья және Червонный Владимир (1998-1999 ж.т.) алды.
Өткізілген іс-шарадан жеңімпаздар демеушілерден спорттық құрал-жабдықтар, ойыншықтар, сондай-ақ тәтті сыйлықтар алды. Марапаттауды Олимпиада ойындарының 4- мәрте күміс және 2-мәрте қола жүлдегері, КСРО-ның шаңғы жарыстары бойынша бірнеше мәрте чемпионы Владимир Смирнов жүргізді.
Мерекелік іс-шараны тойлау барысында Астана тұрғындарының арасында бірінші рет шаңғыда сырғанағандары да болды, Көкшетау және Балқаштан спорт белсенділері де қатысты. Іс-шарадан соң 40-қа жуық ата-аналардан балаларын шаңғы секциясына беру туралы ұсыныстар келіп түсті.
Қар күнін тойлау мерекесін Халықаралық шаңғы спорты федерациясы қатарынан екі жыл бойы ұйымдастырып келеді. Басты мақсат қысқы спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру және жастарды белсенді өмір салтына тарту. Қазақстанда іс-шара Шаңғы жарысы федерациясы «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен өткізіп келеді. Дүниежүзілік қар күнін Ресей, Швейцария, Финляндия, Норвегия, Венгрия, Япония сынды әлемнің басқа да 39 мемлекет атап өтеді.