деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл - еліміздің ақпарат нарығындағы репортаж, ақпарат бағытындағы тұңғыш жаңалықтар басылымы. Журнал - миллиондаған оқырманы бар «China news» және әлемнің бірнеше елдерінде шығатын «Newsweek» басылымының қазақстандық нұсқасы. Мұнда мемлекет пен үкіметтегі, сондай-ақ елордадағы және әлемдегі елең етерлік жаңалықтар жарияланады. Таралымы мың дана. Айына бір рет орыс тілінде шығады.
Қанатқақты нөмірде «Политклуб», «Столичные новости», «Город», «Взгляд», «Экономика», «Фотолента», «Новости регионов» және «Картина мира» айдарлары аясында хабар, фотоақпарат, сараптама басылған. Эфирге таяуда ғана шыққан «7» қалалық телеарнасының бас продюсері Михаил Дрофеев журнал тілшісіне сұхбат берген. Орталық Азия нарығындағы ауқымды Құлжа жәрмеңкесінен жазылған арнайы репортаж да осы нөмірде.
«АСТАНА news» жаңалықтар журналының таныстырылымында басылым редакторының міндетін атқарушы Мақсат Тәж-Мұрат Қазақстанда жаңалықтар журналының шығуының өзі - жаңалық», деп атап өтті.
Таныстырылым шарасына қатысқан Астана қалалық Ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктер жұмысына мониторинг жүргізу бөлімінің бастығы Руслан Қамашев жаңа журналдың бағыт-бағдарына қатысты пікірін білдірді. «Елордада атқарылып жатқан іс-шараларды жан-жақты, кеңінен насихаттауда бұл басылымның орны ерекше болады деп сенеміз», деді ол.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша тәртіптік кеңесінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бақылау бөлімінің бастығы Нияз Есмағамбетов өз саласының қызметі туралы әңгімеледі. Ол Бұқаралық ақпарат құралдары қатарына қосылған «АСТАНА news» журналының және өзге де тілшілердің кез келген сауалына жауап беруге дайын екенін білдірді.
Журнал «Қазпошта» АҚ мен «Қазпресс» АҚ және «Эйр Астана» әуе компаниясы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы арқылы таратылады.