Астанада Тұран даңғылындағы учаске уақытша жабылады
21:13, 29 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы бойынша Жұлдыз айналымынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскедегі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Қозғалыс осы жылдың 29 шілдесінен 1 тамызына дейін ішінара жабылады (бұрын жолдың екінші жағы жабылғанын еске саламыз). Бұл ретте көлік қозғалысы бір бағытта (қала бағытынан әуежай бағытына қарай) жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген схемаға сәйкес Жұлдыз айналымының учаскесі ішінара жабылады», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.