Тұран даңғылында Сарайшық көшесінен бастап «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар кезең-кезеңімен атқарылмақ. Осыған байланысты 6-8 шілде аралығында Тұран даңғылынан Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар 8-10 шілде аралығында Қорғалжын тасжолынан «Тұлпар» көпіріне дейінгі учаскеде қозғалысқа толығымен тыйым салынады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.