Мәлім етілгендей, республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейін магистральдық жылу трассасын салып жатыр.
«Құрылыс-монтаждау жұмысына байланысты 2-20 тамыз аралығында Тұран даңғылының негізгі қозғалыс белдеулері бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен әуежайға қарай негізгі жолақтармен екі жаққа қозғалыс жабылады.
Көлік қозғалысы қосалқы жолдар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар 6-жылу магистралін салу үшін 26 шілдеден 26 тамызға дейін Мәңгілік ел даңғылынан Хусейн Бен Талал көшесі бойындағы қосалқы жолмен қозғалыс толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», - делінген әкімдік хабарламасында.