Астанада тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
07:56, 14 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Оқыс оқиға Астана қаласы Керей Жәнібек хандар көшесінде болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
— Керей Жәнібек хандар көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде алтыншы қабаттағы пәтердің балконы жанды. Құтқарушылардың күшімен 6 ш. м. аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! — делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ мәліметінше, өрттің себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін хабарлағандай, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерде 369 өрт тіркелді, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда үштен бір есе көп.