Астанада тұрғын бағдарламасы бойынша пәтерге құжат қабылдау жүргізілуде
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Тұрғын үй сатып алумен жалдауға 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі (кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жалға беру мерзімі 30 жылға дейін ұзартылуы мүмкін). Ең аз жалға беру мерзімі 5 жылды құрайды (бес жыл өткен соң жалға алушының мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шарттарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек қана e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдаланумен іске асырылатын болады.
Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 19-23 қазан (қоса алғанда) аралығында жүргізіледі. Осы құжаттар қабылдау аясында өтініш жоғарыда көрсетілген нысанның біреуі бойынша ғана қабылданады.
Порталдың жұмыс уақыты - тәулік бойы.
Бағдарламаға сәйкес бұл бағытта Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұрған (кезектегілер) келесі санаттар бойынша азаматтар ғана қатыса алады:
- көп балалы отбасылар;
- толық емес отбасылар;
- мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- оралмандар;
- мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері.