«20 шілдеде 14 сағат 12 минутта 101 қызметіне Торайғыров көшесі 3\1 үйінің ауласында өрт шыққаны жөнінде xабар келіп түсті. Келіп жеткен өрт сөндіруші бригада ол жерде газгольдер (сұйытылған газ сақталатын үлкен бөшке) өртеніп жатқандығын анықтады», - делінген xабарламада.
Құтқарушылардың xабарлауынша, өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамының 25 қызметкері мен 4 арнайы теxника жұмылдырылған. Сонымен қатар газ қызметінің мамандары да жұмыс жасап жатыр.
Өрт 14 сағат 33 минут кеткенде сөндірілді. Қаза тапқандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрт себептері анықталуда.