Астанада Тұрғын үй басқармасы мен Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жаңа басшылары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Тұрғын үй басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке бұрын осы басқарма басшысының орынбасары болған Ахметов Руслан Аманжолұлы келді.

Сонымен қатар, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып Амангелдиев Талғат Бекмұратұлы тағайындалды. Ол осыған дейін Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментін басқарған, деп хабарлады astana.gov.kz.