4 мамыр күні түнгі сағат 22.30-да құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде QTZ-63 маркалы мұнаралы кранның конструкциясы құлаған. Оқиға салдарынан «Шар құрылыс» ЖШС краншысы 1963 жылы туған К.Аятқан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.