Астанада тұрғын үй кешенінде жұмысшы жоғары қабаттан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қонаев көшесі, 12, тұрғын үй кешенінен өнеркәсіптік альпинист құлады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін күндізгі 12-лер шамасында ЖШС-лардың бірінде жұмыс істейтін 1988 жылы туған альпинист бес метр биіктіктен құлады. Факт тіркелді. Қазір тексеру жүріп жатыр. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қолышбекова.

Оның айтуынша, ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.