Астанада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту мәселелері бойынша халықаралық форум өтеді

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2-4 қараша күндері Астана қаласында «ТКШ-ЭКСПО-2011» атты халықаралық форум өтеді.

Форумға ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы ресми қолдау көрсетеді. Шара аясында «ТКШ-Экспо-2011» V халықаралық көрме мен «Қазақстан Республикасының тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы: проблемалары, шешімдері мен болашағы» II халықаралық конференция өтпек. Форумның ұйымдастырушылары - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Fair Expo» көрме компаниясы.