Мәскеу көшесі, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан жаңа орталықта тұрғын-үй депозиттік салымдары қабылданып, «Колжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша жан-жақты кеңес берілетін болады.
«Астана қаласы Сарыарқа ауданында Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің тағы бір қызмет көрсету орталығының ашылып отырғанына өте қуаныштымын. Себебі мен осы ауданда бес жылдай әкім болдым», - дейді ҚР Құрылыс және тұрғын-үй шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк.
Оның айтуынша, осымен Астанада Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің үш қызметі көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. Болашақта Алматы қаласында да қосымша орталықты ашу жоспарда бар.
10:58, 18 Шілде 2012
Астанада Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің үшінші қызмет көрсету орталығы ашылды
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің тағы бір қызмет көрсету орталығы ашылды.