Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1274751 шаршы метр 11 576 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 61,6%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 32 911 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65%-ды құрайды.
Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі жыл басынан бері 2,6% болды. Елордада тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 116,6 мың теңге, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 82,2 мың теңге.