Астанада тұрғын үй шатырының өртенуі салдарынан 65 жастағы әйел зардап шекті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Елордада тұрғын үй шатырының өртенуі салдарынан 65 жастағы әйел зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Астанадағы Мұхамеджанов көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің шатыры өртенді. Жалын тілі 76 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ салдарынан термиялық күйіктер шалған 1947 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді.

 Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 24 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ «АМО( ММ-нің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.