Алматы ауданы, Уәлиханов көшесіндегі жекеменшік үйде сағат 22.36-да басталған өртпен ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 17 адамы мен 4 техникасы бір сағаттан астам уақыт бойы арпалысты.
Құтқарушылар оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Қазір оның тұлғасы анықталуда. Жалын үйдің 20 шаршы метр аумағын жойды.