Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекованың айтуынша, бүгін сағат 12.40-та Қабанбай батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатында кіреберістегі балконнан 20 жастағы бойжеткен құлап кеткен.
«Құлаған қыз оқиға орнында мерт болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бойжеткеннің осы үйде туыстарымен тұрып жатқаны белгілі болды», - деп хабарлады ІІД баспасөз хатшысы.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.