Астанада тұрғын үйдің құрылысына байланысты жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Көктал-2 шағынауданынан Тілендиев даңғылына шығатын жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Елорда ІІД-нің  баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Құтты мекен» тұрғын үй кешенінің құрылысына жердің бөлінуіне байланысты 28 қараша күні сағат 14:30-дан бастап Тілендиев даңғылынан Арқалық көшесіне дейінгі Сарыөзен көшесі тұрақты түрде жабық болады. Көктал-2 ауылынан Тілендиев даңғылына Қайнар көшесі арқылы шығуға болады.

Полиция автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.