Астанада тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шықты, жалынмен 30-дан астам адам күресті

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешқұрым Астананың  Сарыарқа ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Өрт бір сағаттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласы  бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 25 адамы мен 9 техникасы, ҚР ТЖМ «Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы,  ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасының орталығы» ММ-нің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өрт аумағы 6 шаршы метрді құрады. Тұрғындардың заттары өртке оранды. 55 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, оның ішінде үш бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.