Астанада тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың мәліметтері тексерілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңының 71-бабына сәйкес уәкілетті орган Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың кезектiлiк тiзiмiне жыл сайын түгендеу өткізедi.

Осыған байланысты, төменде көрсетілген тізімге сәйкес 2005 жылға дейін кезекте тұрған азаматтарға құжаттарын жаңарту үшін С. Сейфуллин көшесі, 30 үйіне баруды сұраймыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы Астана қаласында «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамымен кейіннен сатып алумен жалдамалы түрде сату үшін 52 пәтер көзделіп, өтініш берушілерді іріктеуді жүргізген болатын.

Тіркеуде тұрған азаматтардың тізімін төменде берілген сілтеме арқылы жүктей аласыздар:

http://www.uzh.astana.kz/kk/node/45032