Тұрғын үй қорының мәліметінше, құжаттар жаңарту 28 қаңтардан басталған.
«2019 жылдың 28 қаңтардан бастап коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан құжаттарды жаңарту, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру басталды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламалар бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау Алматы ауданы, Р.Қошқарбаев даңғылындағы 39 үйде (кіреберіс М.Жұмабаев көшесі жағында) орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ-де жүргізіледі.