«48 лифті күрделі жөндеуді және ауыстыруды қажет етеді, осы бағытта жұмыстар қолға алынды. Қазіргі уақытта 12 жеделсаты қолданыстан шығарылды. Жеделсатылар негізінен Самарқандта жасалған және конструкциясы да ескірген. Сондықтан биыл тиісті жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы 12 жеделсаты ауыстырылды, үстіміздегі жылы да осындай жұмыстарды жүргізу көзделген», - деді В. Овчинников.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Астанада 4 мыңнан астам жеделсаты бар. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, 2006 жылғы қаңтар айында ТЖД 727 жеделсаты тіркелсе, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 4305 құрайды. Яғни, соңғы 7 жылда лифттер саны 6 есеге артқан.