Аталған қаруды өз еркімен тапсырғандарға оның түріне қарай әр бірлігіне ақшалай сыйақы беру қарастырылған, деп хабарланған Астана әкімдігінің ресми сайтында. Қаруларды қабылдау және рәсімдеу қалалық, аудандық ішкі істер органдарында азаматардың жазбаша өтініштерінің негізінде жүргізіледі. Арнайы комиссиялар сыйақы мөлшерін анықтау барысында қару-жарақтың техникалық жағдайын үш санат бойынша ескереді: - бірінші санатқа жатқызылған қару үшін ұсынылған бағаның 90% төленеді; - екінші санатқа жатқызылған қару үшін ұсынылған бағаның 70% төленеді; - үшінші санатқа жатқызылған қару үшін ұсынылған бағаның 50% төленеді. Толық ақпаратты 716018, 716170, 716366 Алматы аумақтық ІІБ - 716737, 716816 , Сарыарқа аумақтық ІІБ - 716646, Есіл аумақтық ІІБ - 716561 телефондары бойынша немесе Астана қаласының ІІД-нің ast.dvd.mvd.kz/ru ресми сайтынан алуға болады.
14:42, 23 Желтоқсан 2014
Астанада тұрғындардан қару сатып алу акциясы басталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ішкі істер органдарының қару-жарақты сақтауға және алып жүруге тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан оқ ататын оқпансыз қарулар мен оқ ату мүмкіндігіне ие травматикалық газ қаруларын өз еркімен тапсыру акциясын өткізеді.