Астанада тұрғындары «Болашақ қуаты - жастар» шығармашылық фестивалін тамашалауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Болашақ қуаты - жастар» шығармашылық фестивалі және «Тәуелсіздік жетістіктері» диалаог алаңы ұйымдастырылды.

«Қазақстан жастары конгресінің» бастамасымен өтіп жатқан бұл шаралардың мақсаты - Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерді мен жастар үшін жасалған перспективаларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ отансүйгіштік, бейбітшілік құндылықтарына жұртшылықтың назарын аудару.

Атап айтқанда «Astana Mall» сауда ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған бұл шара аясында жастар арасында шығармашылық фестивалінде елорданың жас әртістерінің өнерлері көпшілік назарына ұсынылмақ. Сонымен қатар онда суретшілер мен фотосуретшілердің туындыларын тамашалауға мүмкіндік жасалып отыр.

Мұнымен қоса фестиваль аясында жастардың еліміздің қоғам қайраткерлерімен ток-шоу форматында диалог алаңы өтіп, қатысушылар жастардың білім, мәдениет, спорт және өзге де салаларда қол жеткізер мүмкіндіктері жайында пікірлерімен бөлісті. Спикер ретінде Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бірқатар ұйымдардың өкілдері шақырылды.