Түрікменстанның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен, шара аясында «Түрікменстан: кеше және бүгін» көрмесі ұйымдастырылып, бауырлас елдің көрікті жерлері, ұлттық киімдері, музыкалық аспаптары, қолөнері, тағамдары жайындағы көптеген кітаптар ұсынылды.
Салтанатты залда Түрікменстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тойлы Көмеков мырзаның қатысуымен концерт болды. Елші «Мирас» мектебінің басшылығын, оқытушылары мен студенттерін құттықтады. Мұндай шараларды өткізудің маңызын тілге тиек етіп, Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы мәдени, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтудың кепілі екендігін атап көрсетті.