«Бұл үшін ұзақ еңбек еттік, енді міне, нәтижеге де қол жеткіздік. Жақында Астанада туристерге арналған бірыңғай электронды карта шығарылады. «Astana CityPASS» - туристерге арналған электронды карта түріндегі қаланың туристік индустриясына арналған бірыңғай өнім. Бұл картамен музейлерге, қаланың беткеұстар нысандарына баруға болады, екі қабатты автобусында, Есіль кемесінің бортында экскурсия жасауға болады», - деп жазды Санияр Айтекенов әлеуметтік желіге.
Оның хабарлауынша, бұл жинақ үш тілдегі жолбасшымен, қала картасымен, жеңілдіктер туралы ақпарат және СИМ-КАРТАМЕН толықтырылған.
«Қазір біз CityPASS ішіндегі Recommended by EXPO-2017 қаланың серіктес мекемелерімен жеңілдіктерді интеграциялау жұмыстары жүріп жатыр», - деп толықтырды Астана Конвеншн Бюро директоры.
Астана Конвеншн Бюро - Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы құрылымындағы ЖШС, ол елорданың туристік саласын жоспарлау, дамыту бойынша негізгі ұйым болып саналады.
08:53, 03 Наурыз 2017
Астанада туристерге арналған бірыңғай электронды карталар шығарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанаға келген туристерге ыңғайлы болу үшін бірыңғай электронды карта пайда болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана Конвеншн Бюро директоры Санияр Айтекеновке сілтеме жасап.