11-ші қазақстандық халықаралық туристік көрмеге 90 астам компания, соның ішінде туризм түрлерін дамытумен айналысатын туроператорлар, турагенттіктер, пансионаттар қатысты.
Венгрия, Вьетнам, Ресей, Корея, Латвия, Малайзия, Таиланд, Швейцария, Түркия мен Қазақстан туризм өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Биыл әуе қатынастарына ерекше көңіл бөлініп отыр.
Көрмені ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек те келіп көрді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін үкімет деңгейінде туристік саланы дамыту жөніндегі үлкен кешенді жоспар қабылдау көзделген. Көлік, автомобиль жолдарын дамытуға, теміржол рейстерінің санын арттыруға баса назар аударылмақ.