Астанада түркітілдес елдер қылқалам шеберлерінің бейнелеу өнері көрмесі ашылады
деп хабарлады ҚР Президенттік мәдениет орталығының баспасөз қызметі.
Түркі әлемінің Еуразия құрлығының қомақты бөлігін алып жатқаны белгілі. Бүгінде жер шарында этногенез, діл, тіл, тарих, әдебиет, рухани және материалдық мәдениет, өмір мен дәстүр салтының ұқсастығымен біріккен түрктектес 200 миллионға жуық адам өмір сүреді.
Түркі әлемінің бай рухани мұрасы, оның сан ғасырлық қосалқы мәдениеті бүкіл дүниежүзілік өркениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихтың барлық кезеңінде де түрктілдес кеңістік алуан түрлі мәдениеттің тоғысқан жері, «Батыс-Шығыс» мәдени диалогында өзгеше көпір болды. Қазіргі таңда түрктілдес халықтардың социоұқсастығын анықтау, олардың мәдени алуан түрлілігін сақтау, зерттеу және арттыру жөніндегі шаралар ерекше маңызыдылық пен басымдылыққа ие болуда. Осындай міндеттер көкейкесті бағдарламаларды аймақтық, халықаралық деңгейде дүниеге әкелетін ТҮРКІСОЙ ұйымының негізгі қызметі болып табылады.
ТҮРКІСОЙ халықаралық түркі мәдениетінің ұйымы құрылған алғашқы күннен бастап өз алдына түркі халықтарының мәдени құндылықтарын сақтау және арттыруды, олардың әлемдік деңгейде куды, олардың әлемдік деңгейде ылықтарын сақтау және арттыу, зерттеу және лады әйгілеуді; бірыңғай мәдени кеңістікті құруды, тарихи, саяси және географиялық жағдайларға байланысты жатырқаушылықты жоюды мақсат етті. Ұйымның қызмет ету жылдары ішінде ТҮРКІСОЙ туының астына 14 түрктілдес халықтар біріккен. Жыл сайын ТҮРКІСОЙ қамқорлығымен түрктілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық іс-шаралар өткізіледі. Бұл айырықша күндерге арналған музыкалық және театрландырылған фестивальдар, бейнелеу және қолданбалы өнерінің көрмелері, сайыстар, мерейтойлық салтанаттар және тағы басқалар. Аталған шаралардың барлығы бауырлас халықтар мен мемлекеттердің рухани қарым-қатынас дәстүрін жаңғыртуға, түрк мәдениеттерін өзара байытуға бағытталған.
ҚР Президенттік мәдениет орталығында өтетін түрктілдес мемлекеттер суретшілерінің туындыларынан құралған көрме осындай мәдени оқиғалардың біріне айналғалы отыр.
Көрменің экспозициясы Қазақстан, Әзірбайжан және Түркия суретшілерінің 40 картиналары және 40 фотосуреттерінен жинақталған. Көрмеде ұсынылатын туындылар түркі халықтарының бай мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді.
Аталған көрме өнер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ісіндегі басты қадам және түркі әлемінің ерекше алуан түрлі және бай дәстүрінің көрнекті үлгісі болары анық.
Көрменің ашылу салтанатына ТҮРКІСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Эртугрул Гүнай, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Абульфаз Гараев, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамед, ҚР министрліктері, Астанада аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары шақырылып отыр.