Астанада Түркия азаматы 10 метр биіктіктен құлап кетті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше сағат 17.50-де Астана қаласында ЖЭС-2 аумағында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде

«Арқа Шабыт» ЖШС-нің дәнекерлеушісі, Түркияның 25 жастағы азаматы 10 метр биіктіктен құлап кетті.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен анықтағандай, шетелдік азамат түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.